15.03.2017 жылы Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында орналасқан Жастар орталығында семинар өткізіді. Семинарға Мұнайлы ауданының ЖТД, терапевт, педиатр, гинеколог, хирург мамандары қатысты. Семинар барысында 2 тақырып талқыланды. Бірінші «Науқастарды амбулаторлық жағдайда №726 Бұйрыққа сәйкес тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету» тақырыбында Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директорының орынбасары У.Сарсенова сөз сөйледі. Екінші сөз кезегі Ақтөбе қаласынан келген Доктор Реддис фармацефтикалық компаниясының преператтарының қолдану аясы С.Иманбетова «Антибиотиктерді ересектер мен балалар, жүктілік кезінде қолдану» тақырыбында мәлімет берді. Қатысқан адамдар саны – 40.