Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

"Алғыс айту күні"

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. Соған байланысты, 2017 жылы 1 наурызда Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында орналасқан жастар орталығында, көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келген мерекені атап өтті. Мереке барысында Мұнайлы орталық аудандық директорының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Х.Жумина және аудандық онколог дәрігері Б.Өтегенов қатысушыларды мерекелерімен құттады. Алғыс күнінде ауданымыздың ардагер медицина қызметкерлеріне, көп балалы аналар мен кем қамтылған отбасыларына сыйлықтар табыс етілді. Мерекенің соңында шараға қатысушылар аурухана ұжымына және ұйымдастырушыларға алғыстары мен тілектерін білдірді.