Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Дүниежүзілік ЖИТС - пен күресу күні

«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» ұйымдасуымен 2016 жылы 24 қараша күні Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында орналасқан жастар орталығында, «Дүниежүзілік  ЖИТС - пен күресу күніне» орай медицина қызметкерлеріне семинар – тренинг өтті.

Тренинг барысында Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Ж.Басбаева медбикелерге ЖИТС - ке  қатысты мағлұматтар беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты  бейне роликтер көрсетілді және бетше – кітапшалар таратылды.