Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы мен СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдасуымен, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында, 2016 жылы 22 қарашада «Дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне» орай семинар өтті. Тақырыбы: «Темекінің адам ағзасына зияны». Қатысқан адамдар саны: 27.
Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының психологы М.Караева және онколог дәрігері Б.Өтегенов семинарға қатысушыларға темекінің зияны және оның салдарынан пайда болатын ауру түрлерін айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.