Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Дүниежүзілік қант диабеті ауруымен күрес және Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні

2016 жылы 16 қарашада Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы мен СӨСҚПОО  Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдасуымен, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында ашық есік күні өтті. Тақырыбы: «Дүниежүзілік қант диабеті ауруымен күрес күні» және «Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні». Қатысқан адамдар саны: 115.

Ашық есікте Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының дәрігері А.Қойлыбаева тақырыпқа сай мәліметтер  және сұрақтарға жауап берді. Медбике А.Оразалиева ашық есікке қатысушылардың қысымын, салмағын, бойын өлшеді және қандағы қант деңгейін тексерді.