Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Психикалық денсаулық пен салауатты өмір салты

2016 жылдың 10 қазанда өткізілетін Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Бар байлығым – ол менің өмірім!» ұранымен, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында орналасқан жастар орталығында «Психикалық денсаулық – адамның абройы» және «Психикалық денсаулық пен салауатты өмір салты» тақырыбымен ашық есік күні және семинар тренинг өтті. Ұйымдастырушылар: Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы  және СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары.

Мақсаты: қоғамдағы психикалық денсаулықты сақтау және нығайтудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру. Осы тақырыпта  Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының психолог дәрігері Г.Айтжанова және медбикесі Б.Хайтжанова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.