Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Үйлесімді тамақтану- денсаулық кепілі !

   

 Аудандық деңгейде «2015 жылдың 1-10 сәуір аралығында «Үйлесімді тамақтану – денсаулық кепілі! ұранымен «Мектепте тамақтандыру ісін ұйымдастыруды жетілдіру»  акциясы жүргізілд

 

  Қазақстан  Республикасының  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары аясында, Денсаулық сақтау министрлігінің 2014 жылғы 27 қаңтарындағы №45 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беру мекемелерінде тамақтану сапасымен мәдениетін жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасауға көмектесу мақсатында,Мұнайлы ауданының емдеу сауықтыру мекемелерінде 2015 жылдың аурулардың алдын алу және Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысындағы іс –шараларды өткізу мақсатында төмендегідей жұмыстар жасалынды.

БМСККО, ДА Атамекен, Атамекен -1, Маңғыстау -5, Қызылтөбе, Қызылтөбе -1, Қызылтөбе -2, Баянды, Дәулет, Басқұдық  елді мекендерінде, емдеу –сауықтыру мекемелерінде  акция аясында «Ашық есік», семинар –тренингтер, дәрістер, үгіт насихат жұмыстары  ұйымдастырылып өткізілді.

Маңғыстау-5 елдімекеніндегі №8 орта мектебінде 08.04.15 күні аға дәрігер  Р. Зейнетова  және мектеп медбикесі «Дұрыс тамақтану мен артық салмақтың алдын алу» тақырыбында дәрістер оқып, ақыл – кеңестерін берді. Акция аясында емдеу –сауықтыру мекемелеріне  келген науқастарға  бетшелер таратып, ақыл – кеңестерін беріп, үгіт –насихаттау жұмыстары жүргізілді. Санбюлетен шығарылып, денсаулық бұрышы ілінді.

Мұнайлы аудандық орталық емханада «Балалар бөлімшесінде» ИБВДВ кабинетінде 09.04.15 күні балалар дәрігері   Р. Құрманғазиева   «Дұрыс тамақтану және артық салмақтың алдын алу» тақырыбына дәріс оқып, ақыл-кеңестерін берді. ақпараттық көрнекілік материалдары  таратылып, бейне роликтер көрсетілді. Санбюлетен шығарылды.