Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Жүрек күні

  2016 жылы 19-28 қыркүйек аралығында «Дүниежүзілік жүрек күніне ұштастырылған қан айналым жүйесі ауруларының алдын алу» он күндік акциясына орай,21.09.2016 жылы Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы және СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдасуымен,Мұнайлы ауданында орналасқан «Жібек жолы» базарында акция өткізілді.Акция тақырыбы: «Жүрек күні».Мақсаты: жүрек-қантамыр ауруларының дамуы, халықтың денсаулығын күшейтуге тікелей бағытталған ауруды ерте анықтауға скринингтік тексеру жүргізу және кеңес беру арқылы көмек көрсету болып табылады.Қатысқан халық саны:50.

  Акция барысында,орталық аудандық ауруханасының медбикесі Енсегенова Н.И. халықтың қысымын өлшеп,ауруханамыздың терапевт дәрігері Турганова Д.Н. акция қатысушыларына кеңестерін және денсаулықтарын жақсартудың жолдарын айтты.