Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Құқық бұзушылық,жыныстық тиіспеушілік пен ерте жүктіліктің алдын алу

20.09.2016 жылы сағат 11:30-да Дәулет селосында орналасқан №4 орта мектепте:Білім бөлімі,мектеп директоры және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұйымдасуымен 7-11 сынып арасындағы оқушылармен кездесу өтті.

Кездесу тақырыбы:  «Құқық бұзушылық,қаңғыбастық,нашақорлық,суицид, жыныстық тиіспеушілік,зорлық-зомбылық,ерте жүктіліктің алдын алу».Мақсаты:жасөспірімдерге дұрыс бағытты түсіндіру және жаман жолдан аулақ болуға шақыру.  Кездесуге Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция тобының полиция мойоры Сарсенбаева Ж.,Дәулет селосында орналасқан дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Өтеғұлова Р. және акушер гинекологы Бағдыбаева Ә. қатысты.Кездесудің тақырыбын және мақсатын Аудандық білім бөлімінің бас маманы Сатыбалды Б. таныстырып өтті.Өтеғұлова Р. нашақорлықтың жасөспірімдердің ағзасына қалай әсер ететінін түсіндірді. Акушер гинеколог Бағдыбаева Ә. ерте жастағы жыныстық қатынас пен жүктілікті,осы тақырыпқа байланысты ата-ана мен мұғалімдердің жасөспірімдерге әсерін баяндады.