«Қант диабет мектебі»
15.08.2016 күні Мұнайлы аудандық орталық емханада, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар облыстық орталығының Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, эндокринолог дәрігері А.Нұрқожаевна «Қант диабетінің асқынулары» тақырыбында науқастарға семинар - тренинг өткізіп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақыл кеңесін беріп отырды. Семинар барысында СӨСҚО медбикесі Ж. Джұбатханова науқастарға бетшелер таратып, бейне ролик көрсетті. Қатысқан адам саны – 8.