«Денсаулық жолы» ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық » мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау аясында, 2016 жылдың 1 шілде - 31 тамыз аралығында «Денсаулық жолы» кең ауқымды шарасын орындау мақсатында, СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен, Мұнайлы орталық аудандық емханасында және БМСККО Маңғыстау- 5 те жылжымалы медициналық кешеннің (зертхана, окулист, гинеколог, кардиолог, хирург, ВОП) дәрігерлері тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетті. СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары келген тұрғындарға аурулардың алдын алу жөнінде үнпарақтар, бетшелер тарата отырып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Қамтылган адам саны-214.