Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына арналған, 23 наурызда Астанадан бастау алған «Менің Қазақстаным» пойызы сәуірдің екінші жұлдызында Мұнайлы ауданына келді. "Менің Қазақстаным" пойызының қатысушыларын Мұнайлы ауданының әкімі Елубай Жақайұлы алғашқылардың бірі болып қарсы алып жылы лебізін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың бастамашылығымен республика жұртшылығына медициналық көмек көрсету мақсатында «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан халыққа қызмет көрсетуге келген білікті дәрігерлермен Мұнайлы аудандық аурухана басшысы Айларбек Ертайұлы кездесуде.
Балалар неврологы Алтынова Венера Капапиевна қабылдау сәті.
Ескендір Хасанғалиев ағамыз бастаған бір топ өнер майталмандары аудан орталығында сағат 17 : 00 де өз өнерлерін көрсетіп, көңілді концерттік шараға ұласты.