Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

«Денің сауда-күштісің сен бұл әлемде!»

Мұнайлы ауданы №5 орта жалпы білім беру мектебіндегі «Күншуақ» балабақшасында «Денің сауда-күштісің сен бұл әлемде!» тақырыбында эстафета жарысы өткізілді.

Мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылдануға шақыру, сымбаттылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Жарыс 4 топтан тұрады:

1 топ: «Қыран» тобы

2 топ: «Жас ұлан» тобы

3 топ: «Ақкөгершін» тобы

4 топ: «Достық» тобы

5 топ: «Күншуақ» тобы

Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1-  ші сайыс «Кім шапшаң?»

Шарты: Бұл сайыста әр топқа екі шығыршық беріледі. Сол шығыршықтар арқылы отбасымызбен бірге белгіленген жерге жетуіміз керек. Қайтар жолда дәл солай қайталанады.

2- ші сайыс «Кім тез»

Шарты: Бұл сайыста әкесі анасын белгіленген жерге дейін арқалап апарып, қайтып келеді, анасы үлкен гимнастикалық доппен секіріп айналып келеді.

Ал баласы кубиктерден секіріп-секіріп өтеді.

3- ші сайыс «Ептілік»

Шарты: Әкесі мен анасы шарикті қасықпен жерге түсірмей шелекке салады, ал баласы гимнастикалық доппен белгіленген жерге дейін барып, айналып келеді.

4-ші сайыс «Секіру»

Шарты: Бұл сайыста кедергілер арасымен құрбақа тәрізді секіріп, дәл солай қайтып келеді.

5-ші сайыс «Кім күшті»

Шарты: Отбасылар арқан тартысады.

 

Шара соңында әділқазылар Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалар орталығының Мұнайлы аудандық филиалының мамандары және Облыс орталығының психолог маманы Д.Сарсенова, медик  М.Аязбаев «Күншуак» балабақшасын командаларды Алғыс хаттармен, доп, кубоктармен марапаттады.