Медицина қызметкерлерінің арасында жарыс өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Облыстық Орталығының ұйымдастыруымен, «Жас қанат» спорт кешенінде, Медицина қызметкерлері күніне орай, 2016 жылдың 4 маусым күні медицина қызметкерлерінің дәстүрлі облыстық спартакиадасы өткізілді.
Кең ауқымды шараның мақсаты: Медицина қызметкерлері арасында дене белсенділігі мен спортты әйгілендіру, дене белсенділігімен айналысуға медицина қауымын жұмылдыру, Медицина қызметкерлерінің өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыру, сонымен қатар халық арасында белсенді өмір салтын насихаттау.
«Біз белсенді ұзақ өмірді таңдаймыз!» ұранымен өткен байрақты бәсекеге аймақтың Ақтау, Жаңаөзен қалалары және облыс аудандарынан келген емдеу сауықтыру мекемелерінің құрама командалары қатысты.
Жарысты Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау және медициналық көмекті үйлестіру жөніндегі орынбасары Жармаева Салтанат Бохайқызы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығының директоры Мухамбетярова Нұрсұлу Аманбекқызы салтанатты түрде ашып, құрама командаларға сәттілік тіледі.
Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерінен құралған ерлер және қыздар құрама командасы шықты. Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директоры А.Е. Ширшикбаев, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Шоланова, кәсіподақ ұйымының төреайымы Ы.Х.Зейнетова және бір топ жанкүйерлер қатысып, командаларға қолдау көрсетті.
Спартакиада кешкісін аяқталып, жарыс қорытындысы шығарылды. Әйелдер арасында волейболдан Мұнайлы аудандық құрама командасы барлық топтарды жеңіп, жүлделі1 орынға ие болды. Ал 2 орынға Ақтау қаласы құрама командасының қыздары лайық деп танылса, Маңғыстау аудандық құрама командасы 3 орынды місе тұтты.
Ерлер арасындағы волейболдан 1 жүлделі орынды Мұнайлы аудандық құрама командасы иеленіп,2 орын Ақтау қаласы құрама командасына бұйырды, ал 3 орынға Жаңаөзен қаласының құрама тобы лайық деп танылды.
Шағын футболдан өткен жарыстың жеңімпаздары болып танылғандар: Ақтау қаласы құрама командасы 1 – орын, Жаңаөзен қаласының құрама командасы 2 – орын ,Мұнайлы аудандық құрама командасы 3- орын. Жедел жәрдем дәрігері Алиханова Айгерім «Үздік ойыншы» дипломымен марапатталды.
Медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасында жеңіске жеткен барлық командаларға арнайы кубоктармен дипломдар, медальдар, Алғыс хаттар табысталды.