Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні

Шараның мақсаты:

  Балаларға әлеуметтік және психологиялық жағынан қолдау көрсету. Халықтың назарын Қазақстанда сау ұрпақ өсіру мен дамытуға ықпал ететін жағдай құруға  шақыру. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. 

31.05.2016ж. СӨСҚО мамандарының ұйымдастыруымен, Мұнайлы аудандық орталық емханадағы, барлық  БМСККО, ДА орталықтарындағы  «Дені сау бала» кабинеттерінде жас аналар арасында «Балалар біздің болашағымыз»  тақырыбында  семинар өткізілді. Семинарды «КЗР»  кабинетінің медбикесі өткізді. Қатысқан аналарға «Баланың өсуі мен дамуына арналған жеке карточка» балаларға арналған кітапшалар және бетшелер таратылды. Қатыскан адам саны-35.

31.05.2016ж. Ата-анаға арналған ерте жастағы балаларды дамыту және тамақтандыру ресурстық орталығында  «Бала тілі-бал»  тақырыбында аналарға дәріс өткізілді.  Ресурстық орталығының  медбикесі 1 жасқа дейінгі  балаларды қалай тамақтандыру керек екендігін айтып түсіндірді. СӨСҚО қызметкерлері кабинетті безендіріп, «Бүлдіршін жастағы балалардың физикалық және психикалық-әлеуметтік дамуы» оқу-әдістемелік құралдарын және сыйлықтар таратты. Қатыскан адам саны-15. 

01.06.2016ж.Мұнайлы орталық аудандық емханасында, балалар ауруханасында , СӨСҚО мамандарымен бірге «1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, «Бала күлкісі – ең керемет сый» ұранымен «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып  өткізілді. Шараға директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Шоланова, Аудандық балалар дәрігері Х.Х.Жумина, емхана меңгерішісі Ж.А.Сариева, Балалар бөлімшесінің аға медбикесі К.Қонысбаева қатысып, балаларды мерекелерімен құттықтап,  ән айту, сурет салу сайыстарына қатысқан балаларға сыйлықтар табыстады. Ата-аналар балаларының қуанышына қуанып, тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Шара соңында қатысқан барлық балаларға сыйлықтар беріп, ата-аналарға кітапшалар таратылды. Қамтылған адам саны-160. 

 

01.06.2016ж. Барлық БМСККО және ДА орталықтарында  «Бала күлкісі – ең керемет сый» ұранымен «Ашық есік» ұйымдастырылды. Берілген тақырып бойынша түсіндіріліп, балаларды мерекесімен құттықтап, балаларға сурет салдырды. Балалар суретті өте керемет салып, бояды. Бүгінгі мереке балаларға ұнады. Барлық медициналық көмек көрсету орталықтарында 200-ге жуық балалар мен ата-аналар қатысты.

01.06.2016ж. Дәулет ауылындағы «Ақбота» бала бақшасында, Атамекен ауылындағы «Рахат» бала бақшасында  «Бала күлкісі – ең керемет сый» ұранымен  1-маусым Халықаралық балаларды  қорғау күнін  өткізу мақсатында акция өткізілді. Акцияға БМСККО дәрігерлері, психологтары қатысып, балаларды қорғау күнінің шығу тарихын және балалардың денсаулығын калай күту керектігін айтып өтті. Балалар ашық көңіл күйде қатысып,  өз өнерлерін корсетті.

2016 жылдың 1 маусымбалаларды қорғау күніне СӨСҚПОО мамандары  ақпараттық білім беру материалдармен қамтамасыз етті.

Бүлдіршіндер- бүгінгі базарымыз,

Ертенгі ажарымыз.

Балалар- еліміздің бүгіні мен ертені,

Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі.