Облыстық тіс емдеу орталығының меңгерушісі Тасбулатова Розита Балтабайқызы және БМСККО Дәулет аға дәрігері Р. Өтеғұлова ұйымдастыруымен БМСККО Дәулет және №4 жалпы білім беру орта мектебінде «Жарқын күлкі» акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Ақцияға мектеп оқушылары мұғалімдер, медицина қызметкерлері, СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалының мамандары, ЖМК меңгерушісі М. Нурманов қатысты. №4 орта мектепте Тіс емдеу орталығының меңгерушісі Р. Тасбулатова бастауыш сыныптардың оқушыларына ақыл кеңесін бере отыра, оқушыларға сыйлықтарын берді. Ары қарай Дәулет емханасында Жылжымалы медициналық кешен жанында оқушыларға сыйлық беріп, келген науқастарға паста мен бетшелер таратты. Қамтылған адам саны -500