Мұнайлы ауданының емдеу сауықтыру мекемелерінде 2016 жылдың аурулардың алдын алу және Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысындағы іс –шараларды өткізу мақсатында төмендегідей жұмыстар жасалынды.
Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күресу күні қарсаңында ауданымызда онкоаурудың алдын алу бойынша скрининг жүргiзiлдi. Медицина қызметкерлері онкоауруды дер кезінде анықтау үшiн скрининг тексеруден өтуге табанды кеңес бередi.
Жыл сайын 1-10 ақпан Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруына қарсы күрес күні. Қазақстанда өлiм-жiтiм бойынша онкоауру жүрек-тамыр ауруынан кейін екiншi орында тұр. Медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша, қатерлі ісік бастапқы кезеңінде толық емделеді. Жыл сайын онкоаурулардың алдын алу бойынша түрлі шаралар жүргізіліп келеді.
Қатерлі ісікті бастапқы кезеңінде анықтау аса маңызды. Соған орай, елімізде 1 ақпаннан бастап 10 күн бойы онкоауруларды анықтау бойынша профилактика декадасы өтеді. Ендi кез келген адам өз мекен-жайы бойынша емханада скрининг тексеруден тегiн өте алады деп, кеңес берді аудандық онколог дәрігері Өтегенов Б.К. Аудандық емханада СӨСҚПО Мұнайлы филиалының мамандарымен бірге онколог дәрігері Өтегенов Б.К. медбикесі Абишева М. «Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді!» ұранымен «Ашық есік» күні ұйымдастырылып өткізілді. Дәрігерге дейінгі кабинеттің медбикесі қан –қысымын өлшеп, қан қысымы жоғары болып тұрған науқастарды кардиолог дәрігеріне жолдап отырды. Сонымен қатар обырдың алдын алу жөнінде сауалнама жүргізіліп, бетшелер таратылып, ақыл кеңестерін беріп, видео –роликтер көрсетілді.
Барлық емдеу сауықтыру мекемелерінде «Ашық есік» күндері және семинар тренинг, дәріс, конференция, дөңгелек үстелдер онкүндік аясында жүргізілді.
Онкүндік аясында жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары жасақталып бекітіліп, онкүндік аясында емдеу сауықтыру орындарымен мектептерде көптеген шаралар, дәрістер, семинар –тренингтер, үгіт насихат жұмыстары толығымен жүргізілді.
БМСККО, ДА Атамекен, Атамекен -1, Маңғыстау -5, Қызылтөбе, Қызылтөбе -1, Қызылтөбе -2, Баянды, Дәулет, Басқұдық елді мекендерінде, емдеу –сауықтыру мекемелерінде акция аясында СӨСҚПО семинар –тренингтер, дәрістер, үгіт насихат жұмыстарын жүргізілді.
БМСККО Атамекен ауылында балалар және терапевт дәрігерлері №7 орта мектепте дәріс оқыды. «Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді!» ұранымен мектеп оқушылары соның ішінде қыз балаларға ұйымдастырылып өткізілді. Қатысқан адам саны: 25.
БМСККО Басқұдық емханасында 04.02.2016ж. жұлдызында терапевт дәрігерлері Әбдіхалықова А.Т. Утемуратова З.К. «Қатерлі ісік қауіпті дерт» атты тақырыбында дәріс оқып, ақыл кеңестерін беріп, бетшелер таратылып, видео –роликтер жүргізілді.
Қатысқан адам саны: 45.
Мұнайлы ауданындағы «Дана» супермаркетте онколог дәрігері Өтегенов Б.К. СӨСҚПО филиалының мамандарымен бірге «Қатерлі ісік ауруларының алдын алу» тақырыбында үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар қан қысымын өлшеді.