Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

"Ақ сұңқар" психодиагностикалық әмбебап кешені

2016 жылдың 11-14 қаңтар аралығында Мұнайлы орталық аудандық емханада, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығының психолог маманы Д. Сарсенова «Ақ сұңқар» психодиагностикалық әмбебап кешені арқылы медицина қызметкерлерді  және науқастарды тесттен өткізді.Психодиагностиканың негізгі мақсаты – жеке тұлғалардың депрессиясын, қаншалықты жеке тұлғалармен тіл табыса алатынын және жүйке жүйесінің төзімділігін анықтау. Тесттің қорытындысына қарай депрессиясы жоғары адамдарды психолог маманынан кеңес алуға сілтеме жасады. Емхана психологі  Г. Туребаевада қатысып, тесттің қорытындысы бойынша психологиялық көмек керек адамдарды қадағалап, ақыл кеңесін беріп отырды.  Өткізілген адам саны – 67