Официальный интернет-ресурс

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні.


Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнін (1 желтоқсан) және оған ұштастырылған 2015 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында айлықтың өткізілгені  туралы үгіт насихаттау  жұмысын  жолдайды.

  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында, БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС бойынша бірлескен бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында,АИТВ/ЖИТСоны жұқтырудың және таралуының алдын алу шаралары туралы халықтың ақпараттылығын арттыру, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әр адамның өз денсаулығына және балаларының денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында, 

Мұнайлы ауданының емдеу сауықтыру мекемелерінде 2015 жылдың аурулардың алдын алу және Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысындағы іс –шараларды өткізу мақсатында төмендегідей жұмыстар жасалынды.

Айлық аясында жұмыс тобы құрылып, жұмыс жоспары жасақталып бекітіліп, айлық аясында емдеу сауықтыру орындарымен мектептерде көптеген шаралар, дәрістер, семинар –тренингтер, үгіт насихат жұмыстары толығымен жүргізілді.

БМСККО, ДА Атамекен, Атамекен -1, Маңғыстау -5, Қызылтөбе, Қызылтөбе -1, Қызылтөбе -2, Баянды, Дәулет, Басқұдық, Батыр  елді мекендерінде, емдеу –сауықтыру мекемелерінде және №1,№2,№3,№4,№5,№6,№7,№8,№9,№10,№11,№12, лицей, КАЗ АТК колледжінде  акция аясында СӨСҚПОО Мұнайлы аудандық филиалы, ЖДБ мамандарымен  бірге Спидолог дәрігері Аманжолова Г.К. Емхана психолыгы  Туребаева Г.К. семинар –тренингтер, дәрістер, үгіт насихат жұмыстарын жүргізілді. Акция аясында видео –роликтер көрсетіліп АИТВ/ЖИТС адамнан адамға қалай жұғатыны жөнінде көптеген ақыл кеңестермен түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. Қатысқан адам саны- 2850

Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін. Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:

— жыныстық қатынас;

— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);

— анасынан нәрестеге жұғу арқылы