Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Медицина қызметкерлерін марапаттау.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы,  өңіріміздегі денсаулық сақтау ісінің дамуына жеке зор үлесін қосқан медициналық қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. 

Бұл шарада алғашқы болып сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бектубаев Руслан Фаризунұлы шараға қатысушыларды 2015 жылды аман-есен аяқтап, жеткен бірқатар жетістіктермен құттықтады. Ол өтіп бара жатқан жылдағы кездескен негізгі мәселелер мен алынған белестерді сөзге тиек етіп, медицина қызметкерлерін келе жатқан 2016 жаңа жылда да көптеген жұмыс істеуге, көрсеткіштер мен жұмыстың тиімділігін одан ары арттыруға шақырды. Облысымыздың бас дәрігері атап өткендей, дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысының 28 пайызға өсуі – Елбасымыздың қазақстандық медицина қызметкерлеріне деген ерекше қамқорлығының көрсеткіштерінің бірі.

Шара барысында, Р.  Бектубаев медицина саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, қажырлы еңбек еткен қызметкерлерге ҚР-ның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің ведомстволық марапаты – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерін және «Еңбек ардагері» медалін табыстады. Сонымен қатар Мұнайлы орталық аудандық аурухананың директоры А.Ширшикбаевты «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен  мараппатады. Облысымыздың әртүрлі медициналық мекемелерінің қызметкерлері де елеусіз қалған жоқ: өз ісінің білікті мамандары деп танылған қызметкерлер ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі, Маңғыстау облысы әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы атынан дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

«Маңғыстау дәрігері» газетіне жазылу науқанына белсене қатысқан үш медициналық мекеме басшыларына ОСӨСҚПО атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Р.  Бектубаев жиын соңында қатысушыларға аймағымыздың өнер өрендері өздерінің музыкалық көріністерін көрсетті. Іс-шара көңілді де жайдары Іс-шараның салтанатты бөлімі аяқталғаннан кейін, Облыстық қан орталығының мәжіліс залында медициналық мекемелер басшылары жиналыс ұйымдастырып, алдағы жылы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау дамуының өзекті мәселелері жөнінде сөз қозғады.