Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Елбасының жолдауы

 Аудандық аурухана құрамындағы барлық  БМСККО, ДА  медицина қызметкерлері арасында 2015 жыл 30 қараша күнгі Елбасының жолдауын талқылады. Расымен де, жалған ақпараттарға шектеу қойылмайтын  ақпараттық кеңістіктерден көңіліңді жабырқатып, дамыған болашаққа жету туралы сенімсіздікті жоятын, керісінше көңіліңе серпін беріп, нық қадам, биік мақсатқа жетелейтін жолдау болды. Елбасының көгілдір экранның арғы жағында «Қымбатты қазақстандықтар!»,- деп бастаған сөзі әр тыңдарманға жеткендей.

Елбасы аласапыран заманда «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген халық даналығын тағыда еске алуымыз қажеттілігін айтты. Сонымен қатар, денсаулық саласының қызметкерлері жалақысының  28 пайызға дейін, ал әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайызға өсетіні мен стипендиялар тағайындалатындығы айтылғанда бәрінің қуанғанына дау жоқ.

Президент дағдарыстардың бәрі өткінші екенін, жолдауда айтылған бөгеттің бәрін жеңуге болатынын, ол үшін жоқты жасай білетін жасампаз қасиетімізге сенетінін айтты.