«Ауданымыздағы қызылша ауруы туралы».
Қызылша ауруы — ЖЕДЕЛ ауа-тамшылы жолмен берілетін вирусты жұқпалы ауру. Қызылша вирусы адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы түшкіру, сөйлеу, жөтелу кезінде ағзаға енеді де, онда көбейіп, қанға өтеді. Қан арқылы әртүрлі ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды, өкпені, жілік майын зақымдайды.Ауру тек науқас адамнан жұғады. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған немесе, не егілмеген жағдайда өзіне жұқтырады.
Белгілері:дене қызуы 38-400 с-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын, жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, бөртпенің пайда болуымен, бас ауру, ұйқының бұзылуы. Қызылша кезінде кейіннен бір-бірімен бірігетін қызғылт немесе қызғылт дақ түрінде бөртпелер шығады.
Қызылша асқынуларымен ҚАУІПТІ, олар – ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхының, ми қабықтарының қабынуы, яғнисоқырлық, құлақ инфекциялары секілді асқынуға апарады. Қызылшамен барлық жастағы адамдар ауруы мүмкін, ауырған адамдарда жұқпадан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Науқас және ауырған үйдің балалары бала бақшаға, мектепке, саябақтарға, басқа да қоғамдық орындарына баруына шектеу қойылып, дәрігер бақылауында болуы қажет.
Ауданда 2014-2015жылдары қызылша аурушаңдығының эпидемилогиялық жағдайына байланысты 15-19 жас аралығындағы осал әрі қызылшаны жұқтыруға сезімтал топ ретінде балаларға инфекцияның алдын алу мақсатында жаппай егу жүргізіліп, дер кезінде аурушаңдық тұрақталған болатын. Аталмыш инфекция ауданымызда қаңтар айынан бастап 1жағдай тіркеле бастады.
Бұл аурулардан сақтанудың және алдын алудың ең басты әрі сенімді жолы – ВАКЦИНАЦИЯ.
ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 1жас және 6жас балалардың, 30жасқа дейінгі ересек адамдардың алдын ала егу статусын анықтау.
Есте сақтаңыз! Егуден бас тарта отырып, Сіз өте ауыр асқынулары бар, тіпті өліп кету қаупі жоғары ауруды таңдағаныңыз