Республика аумағында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Сол себепті Мұнайлы орталық аудандық аурухана дабыл қағуда.
Ағымдағы жылдың 10 айында республикада қызылша ауруының 14 жағдайы тіркелген, оның ішінде 1 жасқа дейінгі -1, 1-14 жас -9, 15-19 жас-1, 20 жастан асқан -3. Солардың ішінде ревакцинация алмаған, медициналық қарсы айғақтар себебі бойынша, вакцинациядан бас тартқандар мен егу жасына жетпегендердің арасында кездесіп отыр.
Мониторинг деректері бойынша ағымдағы жылдың қараша айында республикада қызылша ауруына күдікті 17 жағдай тіркелген, оның ішінде Алматы қаласында -8 жағдай, Астана қаласында – 6 жағдай, Алматы облысында – 3 жағдай.
Қызылшадан қорғанудың тиімді жолы ВАКЦИНАЦИЯ болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі – 1 жаста және екіншісі 6 жаста.
Өз денсаулығыңды және жақындарыңды қорға!