Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Аудандық деңгейде «2015 жылдың 29 шілде 28 тамыз аралығында Вирусты гепатиттің алдын алу бойынша» үгіт насихаттау жұмысы жүргізілді.

     Қазақстан  Республикасының денсаулық сақтау  саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс –шаралар жоспары  аясында, ҚР ДСМ «Санитарлық –эпидемиологиялық талаптар ұйымдарға санитарлық алдын алу шараларын өткізу вирусты гепатит ауруларымен ауырған адамдарға қатысты» 23.08.2010 жылғы №661 бұйрығымен бекітілген санитарлық ережесіне сәйкес, вирустық гепатит, оны жұқтырудың және таралуының алдын алу шаралары туралы халықтың ақпараттылығын арттыру, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әр адамның өз денсаулығына және балаларының денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында, Мұнайлы аудандық ауруханасының дәрігерлері 23.07.2015ж.жұмыс тобы құрылып көптеген шаралар, дәрістер, үгіт насихат жұмыстары толығымен жүргізілді.

  Мұнайлы ауданының емдеу сауықтыру мекемелерінде 2015 жылдың аурулардың алдын алу және Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысындағы іс –шараларды өткізу мақсатында төмендегідей жұмыстар жасалынды.

БМСККО, ДА Атамекен, Атамекен -1, Маңғыстау -5, Қызылтөбе, Қызылтөбе -1, Қызылтөбе -2, Баянды, Дәулет, Басқұдық  елді мекендерінде, емдеу –сауықтыру мекемелерінде акция аясында СӨСҚПО мамандарымен бірге инфекционист дәрігері Каймуллаев С.К. Эпидемиолог дәрігері Басбаева Ж.Ж. және Мұнайлы аудандық ТҚҚ маманы Сатыбалдиева А. ұйымдастырылуымен «Ашық есік», семинар –тренингтер, дәрістер, үгіт насихат жұмыстарын жүргізілді. Акция аясында видео –роликтер көрсетіліп вирустық гепатит адамнан адамға қалай жұғатыны жөнінде көптеген ақыл кеңестермен түсіндірме жұмыстары  жаппай жүргізіліп отырды. Вирусты гепатиттің жұғатын және жұқпайтын түрлері жайында да айтып өтті.

       Гепатит (сары ауру) —бауырдызақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температура көтермейді Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ол қарт адамдар мен екіқабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас, әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. (Мына адам көзінен сары кеткеннен кейін де 3 апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады).

Белгілері:

Асқа тәбеті болмайды, темекі де шеккісі келмейді. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды.
Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады
Дене қызуы көтерілуі мүмкін.
Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды.
Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады.
Несептің түсі қызғылт –сары, ал үлкен дәрет — ақшыл болады деп айтып өтті