Ағымдағы жылдың, қараша айының үшінші жұлдызы күні, Мұнайлы ауданында орналасқан, Халыққа қызмет көрсету орталығында, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының, Аға психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызының ұйымдастыруымен, Халыққа қызмет көрсету орталығы маман қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Негізгі мақсаты: ХҚКО басшы маман қызметкерлерімен кездесу және психологиялық тренинг өткізе отырып, қызығушылықтары мен ынта-қабілеттерін тексеру.
Сонымен қатар, маман қызметкерлері арасында, сауалнама жұмыстары жүргізіліп, психологиялық тренингтер өткізілді.
Сондай-ақ, мамандар, өте көңілді әсерлері барысында, белсенді қатысып, Аға психолог маманы: Гүлімхан Аралбайқызына, өз алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.
Тренинг барысында, Гүлімхан Аралбайқызы мен маман қызметкерлері арасында, сұрақтар талқыланып, өзекті әңгімелесулер жүзеге асырылды.
Қатысқан мамандар саны: 15.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
03.11.2018 жыл.