Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы ауданындағы, Маңғыстау мекенінде орналасқан №1 жалпы орта мектебінде, мектеп оқушылары арасында "Тәуекел топтағы жасөспірімділердің мінез-құлық сипаты" атты тақырыбы бойынша семинар сабақ өткізілді

          Ағымдағы жылдың, қазан айының оныншы жұлдызы күні Мұнайлы ауданындағы, Маңғыстау мекенінде орналасқан, №1 жалпы орта мектебінде, мектеп оқушылары арасында "Тәуекел топтағы жасөспірімділердің мінез-құлық сипаты" атты тақырыбы бойынша семинар сабақ өткізілді.

          Семинардың негізгі мақсаты: Жасөспірімділердің тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық түзету және мінез-құлықтағы ауытқушылықтың алдын алу бағыттары мен формаларымен таныстыру.

         Семинар сабақты, инфекционист дәрігері: Сапарғалиева Әсия Жолдасханқызы, СӨСҚОММ меңгерушісі: Жиенбаева Гүлжанат және психолог маманы: Орунбасарова Мариям Нұрлыханқызының ұйымдастыруымен оқушыларға психикалық мінез-құлық қасиеттеріне байланысты, әр түрлі сұрақтар қойылып, психологиялық тренинг жүргізілді.

         Сонымен қатар, психолог маманы тарапынан, оқушыларға психологиялық сауалнамалар беріліп, оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. 


           Қатысқан оқушылар саны: 30.


           Мұнайлы орталық аудандық емханасы, 

           10.10.2018 жыл.