Ағымдағы жылдың қазан айының бірінші жұлдызы күні, Батыр дәрігерлік амбулаториясында, медициналық қызметкерлер арасында, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы және Аға медбике: Серікова Ақмаржан Абайқызының ұйымдастыруымен, "Этика және диентология" атты тақырыбы бойынша дәріс өткізілді.
Мақсаты: Жалпы, медбикелер мен науқастар арасындағы қарым-қатынасты орнату және ұстаным тәрбиесі туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.
Сонымен қатар, дәрісті психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы оқып, медбикелерге келген науқаспен сөйлесу тәртібін және жұмыс орнында өзін дұрыс ұстану тәртібі жайында, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, тақырып соңында психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, медбикелерге "Жүректен жүреке жылу" атты тақырыбында тренинг өткізіп, медбикелер бір-біріне деген жылы лебіздерін білдірді.
Қатысқан медбикелер саны: 15.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы
01.10.2018 жыл.