Ағымдағы жылдың, қазан айының оныншы жұлдызы күні, Батыр дәрігерлік амбулаториясында, Аға дәрігер және Психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызының ұйымдастыруымен, 10-шы қазан "Психикалық күніне" орайластырылған "Тәні саудың-жаны сау" тақырыбында дәріс оқып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Жалпы оқушылар мен мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде мағлұматтар айтып, аурудың алдын алу туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.
Бұл шара №10-шы мектепте, оқушылар мен мұғалімдер арасында жүргізілді. Тақырыпты, Аға дәрігер: Бекниязова Гүлзира Иманбайқызы ашып берді. Оқушыларға бірінші байлық- ол денсаулық екенін айтып, аурулардың алдын алу жөнінде түсініктер берді.
Акушер-гинеколог: Жүсіп Айжан Серікқызы, гигиена жағынан түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, психолог: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, оқушыларға дұрыс тамақтану жолдары және күйзелістердің алдын алу, темекінің зияны тұралы кең түсініктер айтты.
Сондай-ақ, спортпен айналысу қажеттіліктеріне байланысты біраз мәліметтер беріп, тақырыпты жалғастырды. Оқушылар мен дәрігерлер арасында сұрақ жауаптар талқыланып, денсаулық бұрышы жасақталды.
Қатысқан бала саны: 43 .
Бетшелер таратылды: 43.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
10.10.2018 жыл.