Ағымдағы жылдың, қыркүйек айының он жетінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы,"Отбасын жоспарлау" кабинетінде , «Отбасын жоспарлау және контрацепция әдісі» атты тақырыбы бойынша, семинар сабақ өткізілді.
Шараның басты мақсаты: Отбасын жоспарлау контрацепция - Біздің өмірімізде белсене араластын түсінік. Көптеген жылдар бойы отбасын жоспарлау, бала тууды шектеу деген түсінік береді.
Сонымен қатар, "Отбасын жоспарлау" кабинеті бойынша, акушер медбике: А.Сайлауова сабақ өткізіп, ал "Дені сау бала" кабинетінің медбикесі: Жансая Саттибаева, аналардың баланы дұрыс тамақтандырулары жөнінде біраз кеңестер айтып, іс-жүзінде көрсетіп, қосымша жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, психолог маманы: Орунбасарова Мариям Нурлыханқызы, аналарға психологиялық кеңестер мен түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы бетшелер таратты.
Қатысқан барлық адамдар саны: 10.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
17.09.2018 жыл.