1.Әр емізердің алдында анасы таза қолымен сүт безін жақсылап жуу керек.
2.Баланы емізер алдында анасы сүттің біразын сауып тастау керек,себебі
бактерияларды өлтіру үшін және перипириялды қанға өтпеу үшін.
3.Баланы емізіп болғаннан соң сүт безі жарылып кетпеу үшін таза жұмсақ сүлгімен
кептіру керек.
Емшекке баланы салудың техникасы
Алғашқы күндері ана сәбиін бір жақ қырымен жатып емізеді.Сәбидің аузына
емшектің ұшын салуға қолайлы етіп жатқызады да, емшегін сәл көтеріп, ұшын
саусақтарымен ұстап,(сүт безі қолының алақанында жатады).Сәбидің аузына ұшын
ғана емес айналасындағы терінің бөлігін дұрыс ұстайтындай етіп салады.Бас
бармағымен, баланың мұрнын жауып тыныс алуына кедергі келтірмеу үшін , сүт
безін кейін төмен ығыстырып ұстап тұрады.Одан әрі босанған әйел отыруға рұқсат
берілгеннен кейін ана баланы ,бір аяғының астына кішкене отырғыш қойып ,отырып
емізеді.Бастысы бала емізіп отырған ана өзі тыныш, демалып отырған жағдайда
орналасу керек.Сонымен қатар әр уақытта баланың басын емес арқасынан сүйеп
отыру қажет.Бір емшекті емізгеннен кейін, ондағы сүт толық таусылса ,балаға
міндетті түрде екінші емшекті беру керек ,ал келесі емізгенде міндетті түрде
осы емшектен бастап емізу қажет.Жаңа туған балаға тіулігіне қажетті сүт мөлшері
келесі әдіспен анықталады:өмір күнін онға және емізу санына
көбейтеміз.Мысалы,үшінші күн (6-рет емізеді).Туылғаннан кейін оған тәулігіне
мына мөлшерде сүт қажет:3*10*6=180гр
Гипогалактияның алдын алу
шаралары.
Гипогалактамия-сүт бездерінің секреторлық мүмкіндігінің төмендеуі. Гипогалактия
пайда болып қалған кезде, біріншіден лактацияны стимуляциялау үшін сәбиді жиі
тамақтандыру қажет.Екіншіден анасының күн және тамақтану ережесін қалыптастыру
керек. Тағамдық заттардың сүттің көп бөлінуі үшін ашытқы тағамдарын , грек
жаңғағын, бал, саңырауқұлақ сорпасын ішкен дұрыс. Оң эффекттіні сүт безінің
массажы береді. ( күніне 2 рет 3 минут уқалайды,екі қолымен әкететін лимфа
тамырының бойымен айналмалы түрде. Емізікке ареолаға тиіспейді)
Маститтің алдын алу шаралары.
Мастит-сүт безінің қабынуы.Емшек ұшының жарылуы сырттан инфекциялануына
байланысты пайда болады.
Маститің алдын алу:Сүт бездерін ұқыпты күту,баланы
дұрыс емізу,емшекте сүттің токырауын мезгілінде жойып отыру.
Жаңа туған нәрестені тамақтандыру.
Ана сүтінің компоненттері емшектегі баланың ішектерінің ферменттік еркешелігіне
және микробтың құрамына бейімделген. Ана сүті перистальтиканы жақсартып,
патологиялық газ түзілуіне кедергі жасайды. Соңғы кездерде баланы ерте емшекке
салуды қолдайды, яғни туылған соң алғашқы сағатта, себебі ол баланы инфекциядан
қорғайды. Анасында лактацияны стимульдейді. Гемолитикалық аурудың жедел
фазасында цитомегалияның жедел түрінде, гепатитте емшекпен емізуге болмайды.
Мерзімі жетіп туылған нәрестені 6-7 рет емізу керек. Емізер алдында анасы қолын
жылы сумен сабындап жуып, бас киім және маска кию керек.Сүт безінің емізіктерін
фурациллинмен ( 1:5000) ерітіндісімен жуады. Анасы отырса немесе тұрса да
баланың басы көтеріңкі болу керек. Бұл мұрынмен дұрыс тыныс алуға негізделген.
Нәрестені анасына парарельді орналастырып, басын шынтақ буынына орналастырады.
Емізу ұзақтығы 20-30 мин. Баланың емген сүт мөлшерін есептеу үшін , емізбей
тұрып 1, емізгеннен соң тағы өлшеп, қалған сан емген сүт мөлшері болады. Егер
бала толық тамақтанбаса, сауылған сүтпен тамақтандырылады.