«Батыр» дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері: Бекниязова Гүлзира Иманбаевна, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы және аға медбике: Серікбаева Апуза Айтбайқызының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019-шы жылдардағы, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шара жоспарын орындау аясында, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директорының №7.08.2018-ші жылғы №57-ші бұйрығына сәйкес, «Сүт безі обыры» ауруының І-ші және ІІ-ші сатысын, анықтау мақсатында, «Ашық есік» күні өткізілді.
«Сүт безі обыры ауруының алдын алу» атты тақырыбында, дәріс оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Жалпы тәжірибелі дәрігерлер: Избасарова Қарлығаш Балтабайқызы, Әлімбетова Таңшолпан Бекмаханқызы және аға дәрігер: Бекниязова Гүлзира Иманбайқызы тақырыпты ашып беріп, акушер-гинеколог дәрігері: Жүсіп Айжан Серікқызы, әйелдерге медициналық скрининг, медициналық бақылаудан уақытылы өтіп тұру қажеттігін және осы аурудан сақтану жолдары мен алдын алу мүмкіндіктері жөнінде біраз мәліметтер беріп өтті.
Сонымен қатар, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, қосымша түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, психологиялық кеңестер беріп, арнайы бетшелер таратты.
Сондай-ақ, әйелдер, дәрігерге дейінгі кабинеттен, арнайы бақылаудан өткізіліп, өз денсаулықтарын анықтау барысында, дәрігерлер мен психолог тарапынан сұрақтарын қоюларына, пікір, кеңестер алуларына зор мүмкіндік алды. Дәрігерлер мен психолог тарапынан, әйелдерге толық жауаптар мен кеңестер беріліп, тиісті міндеттері атқарылды.
Қатысқан барлық әйелдер саны: 35.
Тексеріс барысында, ешқандай науқас анықталмады.
Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы,
25, 27.08.2018 жыл.