Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

БМСККО «Атамекен» аға дәрігері: Джулдызова Ләззат Аубекировнаның ұйымдастыруымен, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директорының №7.08.2018-ші жылғы №57-ші бұйрығына сәйкес, «Сүт безі обыры» ауруының І-ші және ІІ-ші сатысын, анықтау мақсатында, «Ашық есік» күні өткізілді

            БМСККО «Атамекен» аға дәрігері: Джулдызова Ләззат Аубекировнаның ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019-шы жылдардағы, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шара жоспарын орындау аясында, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директорының  №7.08.2018-ші жылғы №57-ші бұйрығына сәйкес, «Сүт безі обыры» ауруының  І-ші және ІІ-ші сатысын, анықтау мақсатында, «Ашық есік» күні өткізілді.

            «Сүт безі обыры ауруының алдын алу» атты тақырыбында,  дәріс оқылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Акушер-гинеколог дәрігері: Сариева Марал Азатқызы, әйелдерге  дәріс оқып, өз-өздерін қалай тексеру қажеттігі жөнінде түсіндіре өтті.

            Сонымен қатар, психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, қосымша түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, психологиялық кеңестер беріп, арнайы бетшелер таратты.

            Сондай-ақ, әйелдер,  дәрігерге дейінгі кабинеттен, арнайы дәрігерлік тексерістен өткізілді. Қатысушылар арасында сұрақ-жауаптар жүргізілді.


            Қатысқан барлық әйелдер саны: 44.


            Тексеріс барысында,  ешқандай  науқас анықталмады.


            Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы,

            25.08.2018 жыл.