Ағымдағы жылдың, тамыз айының жиырма екінші жұлдызы күні, Батыр дәрігерлік амбулаториясында, жүкті әйелдер арасында, "Жүктілік кезінде дұрыс күтіну, тамақтану" бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
Психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, жүкті әйелдер арасындағы, психологиялық ауытқулардың алдын-алуын және жүкті әйелдердің дұрыс тамақтануына, жанұяны дұрыс жоспарлаудың маңыздылығы туралы пайдалы кеңестерін берді.
Сондай-ақ, жүкті әйелдерге арнайы бетшелер таратылып, сұрақтарына жауап берілді.
Қатысқан адамдар саны: 5.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
22.08.2018 жыл.