Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы,"Балалар шағындағы ауруларды ықпалдастыра енгізу" кабинетінде, "Аналарды босануға дайындау мектебі", "Дені сау бала кабинеті" және "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету мектебі" бойынша семинар сабақ өткізілді

          Ағымдағы жылдың, тамыз айының он төртінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы,"Балалар шағындағы ауруларды ықпалдастыра енгізу" кабинетінде "Аналарды босануға дайындау мектебі", "Дені сау бала кабинеті" және "Аналарға балаларын тамақтандыру жөнінде үйрету мектебі" бойынша семинар сабақ өткізілді.

         Шараның басты мақсаты: Жүкті әйелдердің, жүктілік кезінде дұрыс тамақтануларын қадағалау, баланы емізу жолдарын үйрету және жаңа туылған нәрестеден, 3 жасқа дейінгі балалардың дұрыс тамақтану ережелері мен бала ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру.

        Сонымен қатар, аналарға босануға дайындық бойынша акушер: А.Улукманова дәріс оқып, үйрету жұмыстарын жүргізді.

        Ал, дені сау бала кабинетінің медбикесі: Жансая Саттибаева, аналардың баланы дұрыс емізулері жөнінде біраз кеңестер айтып,іс-жүзінде көрсетіп, қосымша жұмыстарын жүргізді. 

       Сондай-ақ, психолог маманы: М.Боранбаева, аналарға психологиялық кеңестер мен түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы бетшелер таратты.

       Қатысқан барлық аналар саны: 12.



      Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
      14.08.2018 жыл.