Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы орталық аудандық емханасында, "Дені сау бала" кабинетінде, медбике Жансая Сәттібаеваның ұйымдастыруымен, семинар сабақ өткізілді

           Мұнайлы орталық аудандық емханасында, ағымдағы жылдың, шілде айының жиырма жетінші жұлдызы күні, "Дені сау бала" кабинетінде семинар сабақ өткізілді. Семинарда, медбике: Ж.Сәттібаева, жас аналарға балаларын қалай емізу керектігін, баланы қай жастан қосымша тағам беруді үйретіп айтып өтті. 

           Психолог маманы: М.Боранбаева, ата-аналарға қосымша психологиялық кеңестер айтып, ата-аналар тарапынан берілген сұрақтарға тиімді жауап берді. 

           Семинардың негізгі мақсаты: Жас аналарға, балаларын емізу ережелерін түсіндіре отырып, балаға қосымша тағам берудің, белгілі мерзімдерін ескерту.

          

          Қамтылған адам саны-5.


        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        27.07.2018 жыл.