ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс шаралар жоспарын орындау аясында, 2018-ші жылдың, 1-ші маусым мен 1-ші шілде аралығында, "Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес" күніне орай, Атамекен-1 елді-мекеніндегі, №12 орта мектептегі жазғы сауықтыру лагерінде, "Біз салауатты өмір салтын бірге еркін сеніммен ұстанамыз!" атты ұранымен спорттық шара жүргізіліп, психолог Г. Жамалова кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, балалар мен психолог арасында сұрақ жауаптар болды. "Рахат" балабақшасында, балалар арасында осы тақырыпта жаттығу тренинг жұмыстары жүргізілді.
Қатысқан адам саны -39.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
27.06.2018 жыл.