Ағымдағы жылдың, мамыр айының жиырма төртінші жұлдызы күні мен маусым айының жетінші, сегізінші жұлдызы күндері, «2017-2019 жылдарға арналған Мұнайлы ауданында профилактикалық егулерден бас тартудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын» басшылыққа ала отырып, консультативтік топтағы ҚДС басқармасы өкілі: Л.Джумагалиева, эпидемиолог дәрігерлер Ж.Басбаева, А.Серікбаева, «Басқұдық» БМСКК орталығы аға дәрігері З.Баймбетова, учаскелік дәрігер: А.Турганова, «Мұнайлы аудандық орталық емханасы» меңгерушісінің міндетін атқарушысы: К.Нугманова, учаскелік дәрігер: Ж.Жантугелова вакциналаудан үнемі бас тартатын ата – аналармен бас тартудың салдары және ата–аналардың жауапкершілігі туралы кездесу өткізу мақсатында үйлеріне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналардың екпе алмау себебі, үрейін тудырған мәселелер туралы, бірқатар ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Қосымша ҚР бойынша жұмыс жасап тұрған: 8-800-070-08-30 қауырт желі нөмірлері ұсынылды.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
07,08.06.2018 жыл.