Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Қызылтөбе ауылдық округіндегі, №2-ші орта мектебі мен "Балапан", "Балбөбек" балабақша қызметкерлері мен мұғалімдер арасында, "Damumed" мобильдік қосымшасын түсіндіру туралы дәріс өткізілді

          Ағымдағы жылдың, мамыр айының жиырма тоғызыншы жұлдызы күні, Қызылтөбе ауылдық округіндегі, №2-ші орта мектебі мен "Балапан", "Балбөбек" балабақша қызметкерлері мен мұғалімдер арасында, "Damumed" мобильдік қосымшасын түсіндіру туралы дәріс өткізілді. 

          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018-2019 жылдарға арналған "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында, денсаулық жүйесін цифрландыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып, жұмыстар атқарылып келеді. 

         Соның ішінде, халықтың денсаулығын сақтауға арналған мобильдік қосымшаларды қолдану және бүгінгі таңда, аудан көлемінде қосымшаның қолдану көрсеткіші 1% құрайды. 

         Осыған орай,  "Damumed" мобильдік қосымшасын жүктеу (орнату) және түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында, әр басқарып отырған мекеме қызметкерлері де үйреніп, болашақта жүзеге асыратын болады. 

         Қатысқан адамдар саны: 20.

        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        29.05.2018 жыл.