Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Басқұдық ауылдық округіндегі, №9-шы орта мектебінің мұғалімдері мен "Айналайын" балабақшасының қызметкерлерінің арасында, "Damumed" мобильдік қосымшасын түсіндіру туралы дәріс өткізілді.

           Ағымдағы жылдың, мамыр айының отызыншы жұлдызы күні, Басқұдық ауылдық округіндегі, №9-шы орта мектебінің мұғалімдері мен "Айналайын" балабақшасының қызметкерлерінің арасында, "Damumed" мобильдік қосымшасын түсіндіру туралы дәріс өткізілді. 

          Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018-2019 жылдарға арналған "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында, денсаулық жүйесін цифрландыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып, жұмыстар атқарылып келеді. 

         Соның ішінде, халықтың денсаулығын сақтауға арналған мобильдік қосымшаларды қолдану және бүгінгі таңда, аудан көлемінде қосымшаның қолдану көрсеткіші 1% құрайды. 

         Осыған орай,  "Damumed" мобильдік қосымшасын жүктеу (орнату) және түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында, әр басқарып отырған мекеме қызметкерлері де үйреніп, болашақта жүзеге асыратын болады. 

         Қатысқан адамдар саны: 20.


        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        30.05.2018 жыл.