Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

БМСККО «Атамекен» аға дәрігері: Джулдызова Ләззат Аубекировнаның ұйымдастыруымен, «Ми құрты (Менингит)» ауруының алдын алу тақырыбында, медицина қызметкерлері арасында, дәрігерлер мен психолог маманы тарапынан, түсінік жұмыстары жүргізілді

          Ағымдағы жылдың, маусым айының бірінші жұлдызы күні, БМСККО «Атамекен» аға дәрігері: Джулдызова Ләззат Аубекировнаның ұйымдастыруымен, «Ми құрты (Менингит)» ауруының алдын алу тақырыбында, медицина қызметкерлері арасында, дәрігерлер мен психолог маманы тарапынан түсінік жұмыстары жүргізілді. Ләззат Аубекировна, "Ми құрты" қандай ауруы туралы түсініктер айтып, тақырыпты ашып берді. Учаскелік медбикелерге, балаларға өте сақ болуын және "Ми құрты" ауруының алдын алу жөнінде, ата-аналарына түсінік жұмыстарын жүргізуілері керек екендіктерін айтып, талап етті. 

         Жалпы мақсаты: Науқастарды уақытында анықтап, емдеу және жұқтырудың алдын алу мақсатында санитарлық-гигиеналық, емдік профилактикалық шаралар жүргізу.

         Сонымен қатар, ЖТД Оразбаева М.Н, осы тақырып жөнінде дәріс оқып, алдын алу, емдеу жолдары және тағы басқа түсініктер айтты. Дәрігерлер мен медбикелер арасында сұрақ жауаптар болып, тұжырымды жауаптар алынды. Медбикелерге "Ми құрты" тақырыбы бойынша арнайы бетшелер таратылды. 

          Қатысқан адамдар саны - 40. 

 

         Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

         01.06.2018 жыл.