Ағымдағы жылдың, мамыр айының жиырма сегізінші жұлдызы күні, Мұнайлы аудандық әкімшілік аппаратында және Атамекен, Басқұдық, Қызылтөбе әкімшілігінде, "Damumed" мобильдік қосымшасын түсіндіру туралы дәріс өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018-2019 жылдарға арналған "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында, денсаулық жүйесін цифрландыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып, жұмыстар атқарылып келеді.
Соның ішінде, халықтың денсаулығын сақтауға арналған мобильдік қосымшаларды қолдану және бүгінгі таңда, аудан көлемінде қосымшаның қолдану көрсеткіші 1% құрайды.
Осыған орай, "Damumed" мобильдік қосымшасын жүктеу (орнату) және түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында, әр басқарып отырған мекеме қызметкерлері де үйреніп, болашақта жүзеге асыратын болады.
Қатысқан адамдар саны: 38.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
30.05.2018 жыл.