Ағымдағы жылдың, маусым айының бірінші жұлдызы күні, Мұнайлы ауданындағы, АО "ВЖДО" мекемесі мен Маңғыстау теміржол вокзалының ғимаратында, ауыл тұрғындарының арасында, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" атты тақырып бойынша, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Негізгі мақсаты: Аудан тұрғындарына "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" атты тақырып бойынша, түсіндіру жұмыстары жүргізу және болашақта іс-жүзінде қолдана алуларын қамтамасыз ету. Дәрігер есебінде тұрған науқастарды тексеру және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" жүйесіне қатысу тәртібін қолдануға үйрету.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында өткізілген түсіндіру жұмыстары өз дәрежесінде өтті. Барлық адамдарға арнайы парақшалар мен ережелерді көрсету арқылы, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" жүйесінің адам өмірі мен денсаулығына өте ыңғайлы жүйе екені нақты түсіндірілді.
Қатысқан адамдар саны: 76.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
31.05.2018 жыл.