Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

"1-маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай, Мұнайлы орталық аудандық емханасында, балаларды ойнату мақсатында, балалардың арасында, сурет салу, мерекелік іс-шара өткізілді

          Ағымдағы жылдың, маусым айының, бірінші жұлдызы күні, "1-маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай, Мұнайлы орталық аудандық емханасында, аға медбике: Егізқараева Құралай Машрикқызының ұйымдастыруымен, балаларды ойнату мақсатында, балалардың арасында, сурет салу, мерекелік іс-шара өткізілді.

         Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, сурет салу мен ойын түрлерін ойнату арқылы, балалардың қызығушылықтарын арттыру және бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

         Шара барысында, балалар, емхана алдындағы жолға, сурет салды, секіргіш құралымен қыз балалар секіріп жарысты, балаларға әртүрлі сыйлықтар берілді. Ата-аналар да балаларына көмектесіп, балалар мерекесіне арналған кешке, өз ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.


         Қатысқан ата-аналар, балалар және емхана ұжымының саны: 35.


         Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

         01.06.2018 жыл.