Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

ТАЛАНТТЫ ЖЫРШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

         Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округінде халықаралық, республикалық жыршылар байқауының жүлдегері, дәстүрлі әнші, жыршы Күнсұлу Түрікпен «Жыр тұмарым» атты шығармашылық кешін өткізді. 

        Сөздің маржанын, сазбен жеткізген талантты жыршының шығармашылық кешіне ауыл халқы, мекеме қызметкерлері көрермен ретінде қатысты.
Ауылдық клубта өткен тағылымы мол іс-шара барысында, Күнсұлу Түрікпен тәрбиелік мәні зор шығармаларын орындады. Шығармашылық кеш соңында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы: П.Әлиакбарұлы жыршы: К.Түрікпенге ауыл тұрғындарының атынан алғыс айтып, шығармашылығына сәттілік тіледі.


        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        04.05. 2018 жыл.