Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Батыр дәрігерлік амбулаториясында, "Бүкіләлемдік артериалдық гипертония күнін" өткізу туралы бұйрыққа сәйкес, аға дәрігер: Бекниязова Гүлзира Иманбайқызының ұйымдастыруымен, ауыл тұрғындарының арасында қан қысымының алдын алу мақсатында кеңінен дәріс өткізілді

         Ағымдағы жылдың, мамыр айының он бірінші жұлдызы күні, Батыр дәрігерлік амбулаториясында,"Бүкіләлемдік артериалдық гипертония күнін" өткізу туралы бұйрыққа сәйкес, аға дәрігер: Бекниязова Гүлзира Иманбайқызының ұйымдастыруымен және жалпы тәжірибелі дәрігер: Избасарова Қарылғаш Балтабайқызы мен психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы, Батыр ауыл тұрғындарына, кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізе отырып, қан қысымы тіркеуінде тұрған науқастардың қан қысымын өлшеп, тегін дәрі-дәрмектермен қамтып, өз кеңестерін айтып өтті. Ауыл тұрғындары, өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып кетті. 

         Дәрістің негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған  "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспары аясында, тұрғындардың арасында бүкіләлемдік артериалдық гипертония жөнінде дәріс оқу кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында. Тұрғындардың өз денсаулықтарына, жауапкершіліктерін арттыру. 

        Қатысқан ауыл тұрғындарының саны: 20.


       Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

       11.05.2018 жыл.