Ағымдағы жылдың, мамыр айының он бесінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасында және БМСККО Маңғыстау-5 емханасында, Комплексті медициналық ақпараттық жүйе "damumed" электронды қызметіне жауапты маман: Ғаниева Ақсана Исақызының ұйымдастыруымен, мектеп оқушылары мен медицина қызметкерлерінің арасында "damumed" электронды қызметі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына, "damumed" электронды қызметі жөнінде, түсіндіру жұмыстарының жүргізілетін күндеріне байланысты арнайы кесте құрылды. Сол кесте арқылы, Ғаниева Ақсана Исақызы, ауыл тұрғындары мен БМСККО емханаларына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыратын болды.
Негізгі мақсаты: Ауыл тұрғындарына Комплексті медициналық ақпараттық жүйесі "Damumed" қызметін толықтай түсіндіре отырып, болашақта "Damumed" қосымшасын өздерінің ұялы телефондарына орнату арқылы, барлық медициналық мүмкіндіктерді пайдалануларымен қатар, электронды картаның жүктелу жолын түсіндіру.
Қатысқан медицина қызметкерлерінің саны: 11;
Мектеп оқушыларының саны: 15.
Барлығы: 26.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
14.05.2018 жыл.