Ағымдағы жылдың, мамыр айының он бірінші жұлдызы күні, БМСККО Атамекенде "Дүниежүзілік бронх демікпесіне қарсы күрес күніне орай" онкүндік және 12-ші мамыр "Бүкіләлемдік артериалдық гипертония күнін" өткізу туралы бұйрыққа сәйкес, ауыл тұрғындарының арасында шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспары аясында, тұрғындардың арасында бүкіләлемдік артериалдық гипертония жөнінде дәріс оқу кеңінен түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында. Тұрғындардың өз денсаулықтарына, жауапкершіліктерін арттыру.
Жалпы шараны, аға дәрігер: Джулдызова Ляззат Аубекировна, тәжірибелі дәрігер: Ажибаева Тұрсын Абдуллақызы және психолог маманы: Жамалова Гүлімхан Аралбайқызы дәріс өткізіп, өте кең түрде жеткізді.
Сонымен қатар, Рахат сауда орталығында, тұрғындар арасында, қан қысымымен ауыратын ересек адамдардың қан қысымы туралы қосымша түсінік жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың қан қысымдарын өлшеп, кеңестер берілді.
Сондай-ақ, тұрғындар мен науқас адамдарға, медицина жағынан, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі жөнінде біраз кеңестер айтылды. Тұрғындар, дәрігер мен психолог маманына, өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын да айта кетті.
Қатысқан ауыл тұрғындарының саны:15.
Мұнайлы орталық аудандық емханасы,
11.05.2018 жыл.