Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, жанұяны жоспарлау мектебінде, «Жүктілік кезінде жиі орын алатын жайсыздықтар» атты тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

         Ағымдағы жылдың, мамыр айының, төртінші жұлдызы күні, Мұнайлы орталық аудандық емханасындағы, жанұяны жоспарлау мектебінде, «Жүктілік кезінде жиі орын алатын жайсыздықтар» атты тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 

        Шараның негізгі мақсаты: Ауданымыздың жүкті әйелдеріне, жүктілік кезінде жиі орын алатын жайсыздықтар және ана мен бала қауіпсіздігі туралы  толық түсіндіру.

        Шара барысында, психолог маманы: М.Боранбаева «Жүктілік кезінде жиі орын алатын жайсыздықтар» жөнінде жүкті аналарға толықтай ақпарат берсе, Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы, медициналық мекемесі, Мұнайлы аудандық филиалы мамандары тақырыпқа сай ақпараттық-ағарту материалдарын таратты. 

        Барлығы 9 адам қамтылды.


        Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

        04.05.2018 жыл.