Ресми интернет-ресурсы

Государственное коммунальное казенное предприятие Мунайлинская центральная районная больница

Дүниежүзілік иммундау апталығына орай ұйымдастырылған «Біз вакцинациялауды қолдаймыз» іс-шарасы, «Сізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды ауыр түрде өтетін аурулардан қорғау үшін вакциналар әрекет етуде» атты шара өткізілді

Шара атауы: Дүниежүзілік иммундау апталығына орай ұйымдастырылған «Біз вакцинациялауды қолдаймыз» іс-шарасы, «Сізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды ауыр түрде өтетін аурулардан қорғау үшін вакциналар әрекет етуде»

Шараның жүзеге асыру мерзімі:  2018 жылдың  24-30 сәуір аралығында

Шараның мақсаты: Халыққа вакциналардың тиімділігі және қауіпсіздігі туралы хабардар ету, иммундауға сенімді көзқарасты қалыптастыру үшін қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулар бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту.

Апталық аясында өткізілген іс-шаралар бастамасы:

1. БМСККО Басқұдық емханасында «Екпенің маңызы» тақырыбында екпеден бас тартқан ата-аналарға лекция жүргізді.

2. Дәулет елді мекенінде орналасқан №4 білім беру орта мектебінде «Инфекциялық аурулардың алдын алу» тақырыбында  оқушыларға семинар өткізді. «Екпенің маңыздылығы»

3. Мұнайлы орталық аудандық емханасында "Вакцинация-өмір үшін" атты дәріс өткізілді.

Қатысқан аналар саны: 7.


Мұнайлы орталық аудандық емханасы,

28.04.2018 жыл.