18 маусым күні Мұнайлы ауданының №5 орта мектебінде «Медицина кәсібі –адамгершіліктің асылы» атты мерекелік жиын өтті. Салтанатты жиында Мұнайлы ауданының әкімі Елубай Жақайұлы Әбілов және Мұнайлы орталық аудандық ауруханасының директоры Айдар Елтайұлы Ширшикаев құттықтау сөзін сөйлеп, бір топ медицина қызметкерлеріне "Алғыс хаттар" тапсырылды.
Алғыс хат алғандардың ішінде аудандық емхананың эндокринолог дәрігері Тоқбаева Фариза Қондыбайқызы, терапевт дәрігері Аманжолова Дина Насырулақызы, УЗИ дәрігері Қанболатова Ғалия Битимбаевна, Шаруа бикесі Кайрова Баян және т.б дәрігерлер марапатталды
А. Ширшикбаев: " Құрметті әріптестер,
Өздерінің өмірі мен қызметтерін адам денсаулығына арнаған Сіздерді қасиетті Рамазан айымен тұспа тұс келген кәсиіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Аталған мерекені адамның жаны мен тән қиналысын, қасіретін жүрегімен сезе білетін денсаулық саласының барлық қызметкерлерін дәрігерлердің, медбикелердің ерен еңбегін бағалайтын күн деп есептеуге болады.
Елбасының айқындап берген 100 қадамында көрсетілгендей, « Бастапқы медико санитариялық көмек көрсетуді басымдықпен қаржыландырылады және бастапқы көмек аурудың алдын алып, ерте сатыда күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орта буынына айналады» аталған қадам біз үшін нақты мақсат. Біздің алдымызда межеленген мақсаттар мен орындалуға тиісті жоспарларымыз бар Сіздермен бірге жеткен жетістіктерімізде, атқарған міндеттерімізде көп.
Біз халықтың сенімі артатындай, қажетті кәсіби медициналық көмекті көрсете алатындай, халқымызға қалтқысыз қызмет көрсетуіміз керек.
Құрметті медицина қызметкерлері ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, кәсіби біліктеріңіздің арқасында бик асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.
Салтанатты жиын соңы өнерпаздардың концертіне ұласты.